Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Ресей жендеттерінің топтары анықталды. Әзірге 50 есім белгілі

КИЕВ. 24 сәуір. Журналистер Киев облысында жасалған геноцидке қатыстары бар ресейлік 50-ден аса әскери қызметкердің есімдерін анықтады. Бұл туралы Obozrevatel хабарлады.

Әңгіме Бурятиядан келген, Киев түбіндегі алдымен Макаров, Ясногородка, соңынан Ворзель мен Буча елді мекендерінде тұрған 37-ші мотоатқыштар бригадасының жеке құрамы жайында болып отыр.

Идентификация жасалған оккупанттардың тізімі геноцидті тексеріп жатқан құқық қорғаушыларға берілді. Бұл комиссияның құрамында шетелдік заңгерлер де аз емес.

Бірқатар куәлар суреттерге қарап біраз орыс жендеттерін таныды. Енді журналистер осы зерттеуді ел ішіне көптеп таратуды өтінеді – сонда нақты оккупанттың нақты қылмыстарға қатыстары анықталып, ол жасаған әрекеттер саны жинақтала түседі.

Тұтқынға түскен Ресей солдаттарының ДНК-ларын тексергенде, олардың бірқатарының Украина жерінде әйелдерді зорлауға қатыстары болғаны анықталды. Бұл жұмыс одан әрі жүргізіле береді.

Украина қауіпсіздік қызметі бүгін Харьков түбінде жауға қай жерлерге ракета ату керек екенін көрсетіп келген сатқын әйелді әшкереледі. Ол мектептерді, ауруханалар мен тұрғын үйлерді белгілеп көрсетіп жүрген болып шықты.

Бұдан бөлек, Луганск облысында құрамына Северодонецкінің үш адамы кірген жау ақпаратшыларының көздері жойылды. Тағы бір сатқын әйел Попасная маңында әрекет етіп жүрген кезінде қолға түсті.

Донбаста қауіпсіздік қызметі Краматорскідегі зауыттардың бірін жаудың бомбылауына жол көрсетіп берген әйел ұсталды.

Харьков облысында мемлекетке сатқындық жасаған жергілікті кеңестер депутаты тұтқындалды. Оны ФСБ жалдап алған болып шықты.

Бұларға қоса, Украина қауіпсіздік қызметі басшылары РФ-дан басқарылып тұрған энергетикалық компаниялар тобының әрекетін тоқтатты. Олардың арасында табиғи газ және энергия жеткізумен айналысатын 5 коммерциялық құрылым бар.

Қазір жаудан азат етілген Украина территорияларында тыңшылар мен сатқындарды анықтап, қолға түсіру бағытында кең ауқымды жүргізіліп жатыр.

Суретте: Украинадағы ұрыс қимылдарының 23 сәуірдегі картасы

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button