Галкин Ресейдің Пасха қарсаңында Одессаны атқылауын сынады (видео)
ТЕЛЬ-АВИВ. 24 сәуір. Ресейдің белгілі шоумені Максим Галкин кеше тура Пасха мерекесінің қарсаңында РФ армиясының Одессаны атқылауын сынға алды. Бұл туралы Obozrevatel хабарлады.
Ол Православиенің басты мерекесі басталғалы тұрғанда орыс басқыншыларының осындай әрекетке баруын «адамдықтың шегінен шығу» деп бағалады.
«Пасха мейрамы басталуға бір күн қалғанда, Ресейдің қанатты ракеталары Одессаның тұрғын үйлеріне қарай зымырады. Бір отбасы қаза тапты, онымен бірге үш айлық нәресте де жан тапсырды. Бұл қалай? Осыны маған түсіндеріңіздерші. Қанатты ракеталар жай күні де, мереке кезінде де тұрғын үйлерге қарай атылмауы тиіс қой. Сіздер бір мезгілде құдайға құлшылық етесіздер, Мәскеудегі Игілік отына барасыздар, сөйте тұра, сол билік бейбіт тұрғындарды ракетамен атқылайды. Әлде тағы бұлар да сіздер емессіздер ме?» – деп ашуын білдірді Галкин.
Ол қылмыстың бәрін жасап алып, бәрін артынан басқаларға жаба салатын Ресей биілігінің әрекетін ащы сарказммен айыптады. Осы жерде Украинада жасалып жатқан қанқұйлы тірліктермен бірге, осы елдің аспанында ресейліктер атып түсірген, бірақ осы кезге дейін Путин билігі мойындамай отырған Малайзияның «Боинг» ұшағын да еске салып өтті.
«Мен жоғары дәлдікті ракетаның тұрғын үйге соққы жасауын украин ПВО-сының оны атып түсіруімен түсіндіруді де естідім. Мұндай сұмдық нәрселердің бәріне Ресей кінәлі, сөйте тұра, ол өзін айыпты санамайды. Бучадағы айуандықты жасаған біз емес, Одессаға ракета жіберген бізбіз, бірақ түгел біз емес, Мариупольді жермен-жексен еткен де біз емес, – сонда кім? Осындай да бола ма? Енді сіздерге бір сұрақ: Олай болса, ресейліктер онда не істеп жүр?» – деп сауал тастады Галкин.
Мұның алдында шоумен Израильде өтетін бір концертінен түскен ақшаны Украинада зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жіберетінін мәлімдеген еді.
Бұған қосарымыз; Пасха мерекесінің бүгінгі таңында Ресей оккупанттары Донбаста екі баланы өлтірді. Донецк облысы әскери әкімшілігінің басшысы Павел Кириленко осының жайын айта келіп: «Очеретинская громадада бір отбасы тұратын үй қиратылды, бірі – 14-тегі, екіншісі – 5-тегі екі бала сол жерде қаза тапты», – деді.
Бүгін Бучада пасха қызметі жасалды. Ресей басқыншыларының айуандық ойранынан кейін қала қайтадан тіршілік ете бастады. Тұрғындар Әулие апостол Андрей Первозванный храмына пасха кәрзеңкелерін алып келді.