Украин әскерлері екі күнде жаудың 300 сарбазын жойды
КИЕВ. 23 сәуір. Украина Қарулы күштерінің әскери бөлімшелері соңғы екі күнде оккупанттардың 300-ге жуық сарбаздарын жер жастандырды. Бұл туралы Obozrevatel хабарлады.
Украина Қарулы күштері Бас штабының мәліметінше, 21 сәуірде елдің шығысында жаудың үш шабуылын қайтару барысында 200-ге жуық оккупант оққа ұшқан. Олардың бәрін «Восток» жедел-тактикалық тобы жүзеге асырған. Бұған қоса, Ресейдің көптеген әскери техникалары істен шыққан.
Ал кеше болған ұрыс қимылдарының нәтижесінде тағы 100-ге жуық агрессордың көзі жойылған.
Ресей армиясы сапында соғысудан бас тартушылар қатары да күн санап артып келеді.
Украина босқындары кешеден бере еліне қайта орала бастады.
Дания үкіметі Николаев қаласын толық қалпына келтіріп беруді мойнына алды.
Украинаны қалпына келтіруге қаржы бөлетіндері жөніндегі мәлімдемені бұған дейін АҚШ билігі де жасаған.