Польшаға кеткен украиндар жаппай үйлеріне қайта бастады
КИЕВ. 22 сәуір. Ресей соғыс ашқаннан кейін Польшаға кетуге мәжбүр болған украиндар жаппай үйлеріне қайтып келіп жатыр. Бұл туралы Obozrevatel хабарлады.
Осыған байланысты екі мемлекеттің шекарасында Польша жақтан келіп жатқан көліктер тасқынының үлкен кептелісі пайда болды.
«Ресей оккупанттарының Украинаға басып кірулеріне орай туған елдерін тастап кетуге мәжбүр болған украин азаматтары арасында үйге қайтуға тілек білдірушілер қатары ұлғайып келеді», – делінген хабарламада.
Шекарашылар адамдарды анықтау үдерісін жылдамдатып, кептелісті азайту үшін өткізу-бақылау бекетіндегі қызметкерлер штатын өсіруге шешім қабылдады.
Келушілер тасқыны мынадай:
– Дорогуск – Ягодин бағыты: мұнда Украинаға кірмекке тілек білдірген 1000-ға тарта жеңіл көлік, 350-ге таяу жүк көліктері;
– Корчёва – Краковец бағыты: 400-ден аса автомобиль және 250 жүк көлігі;
– Медика – Шегини бағыты: 900-ше жуық жеңіл машина мен 200 жүк көлігі.