Украин әскерлері Бучада ойран салған топты жойып жіберді
КИЕВ. 22 сәуір. Украин Қарулы күштері Бучада ойларына келгендерін істеген оккупанттар тобының тас-талқанын шығарды. Бұл туралы Obozrevatel хабарлады.
«Украин әскерлері жұма күні Ресей оккупациялық армиясының 64-ші мотоатқыштар бригадасын талқандап тастады. Аталмыш бригада таяуда Киев түбіндегі Буча шағын қаласында адам айтқысыз айуандық әрекеттерге барып, бейбіт тұрғындарға білгендерін істеген болатын. Олар кеткеннен кейін қаладан 430 адамның мәйіті шықты», – деп жазды харьковтік волонтер Роман Доник.
Ресей президенті Владимир Путин бейбіт халықты атып, азаптап, зорлап өлтіріп, қатыгездіктерімен аты шыққан осы бригадаға кейін «гвардиялық» атағын берді.
Волонтер сондай-ақ Украина армиясының атақты 93-ші бригадасының айуандарды жойып жіберудегі ерлік істерін де атап көрсетті.
«Бүгін – Қасиетті жұма. Ресейліктердің 64-ші бригадасы. Бучада қырғын салған. Бүгін олардың көп бөлігі 93-ші бригадасының күшімен жойылды. Олар холодярлықтарға шабуыл жасауға келген екен. Келді. Бәрі жер жастанды. Әдемі жатқызылды», – деп жазды Доник сосын.
Волонтер Киев облысында алуан түрлі қылмыс жасаған зұлымдардың техникалары қалай шашылып қалғанын да суреттен көрсетті.