Бейсенбінің бедері: Украина әскерлері жаудың 15 нысанасын жойды
КИЕВ. 22 сәуір. Бейсенбі, 21 сәуір күні Украина Қарулы күштері Ресей оккупанттарының 15 әуе нысанасын жойып жіберді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Әуе күштері командованиесінің спикері Юрий Игнаттың баяндауынша, ресейліктіктердің жойылып кеткен нысаналары қатарында 3 ұшақ пен 3 тікұшақ бар.
«21 сәуір тәулігі шын мәнінде украин ПВО-сы үшін өнімді күн болды, өйткені, бірден 15 нысана атып түсірілді», – деді ол.
Бұлардың қалған 9-ы жедел-тактикалық деңгейдегі «Орлан-10» беспилотнигі болып шықты.
Жаяу әскерлер зенитті ракеталар әскери бөлімшелері осындай алты аппаратты жойса, тағы екеуін десантты-шабуыл әскерлері және тағы біреуін Әуе күштеріне қарасты БПЛА атып түсірген.
Осымен бір мезгілде дерлік Әуе күштерінің «Схід» командованиесі Ресейдің Су-34 және Су-35 маркалы екі ұшағын бірден отқа ораған. Ал десантты-шабуыл әскерлері бұлардың қатарына өздері атып түсірген Су-25 ұшағын, теңіз жаяу әскерлері Ми-8 тікұшағын қосты.
Суретте: украин балаларының бірі салған рәсім.