Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан
Джонсон: РФ жаппай қыру қаруын қолданса, біз қарап қалмаймыз
ЛОНДОН. 21 сәуір. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Ресей Украинаға жаппай қыру қаруын қолданатын болса, өздерінің қарап қалмайтынын қадап айтты. Бұл туралы DonPress хабарлады.
Британия басшысы Ресей тарапы Украинамен соғыста жаппай қыру қаруын қолданатын болса, Лондонның ешкіммен ақылдасып жатпай, бірден өз бетінше әрекет ететінін атап өтті.
«Жаппай қыру қаруы қолданылған жағдайда Ұлыбритания НАТО-ның басқа елдерімен кеңесіп жатпай, Ресейге жауап соққы беру құқығын өзіне қалдырады», – деп жазды ол Twitter парақшасында.