Невзоров Путиннің Мариупольді алғаны жөніндегі өтірігін ашты
КИЕВ. 21 сәуір. Ресейлік белгілі публицист Александр Невзоров РФ президенті Владимир Путиннің кезекті өтірігін ашып берді. Бұл туралы DonPress хабарлады.
Публицист өзінің телеграм-каналында Владимир Путин мен оның қорғаныс министрі Сергей Шойгуді өтірік айтып, халықты тағы алдап отыр деп айыптады.
Публицист Ресей армиясының Мариупольді басып алғаны туралы ақпардың жалған екенін жарияға жар салып жазды.
«Олар тағы өтіріп айтып отыр… Путин – шектен шыққан және кәнігі өтірікші. Айтқандай, ол бірде-бір шындығы жоқ «таза қитұрқы» өтірікті ойлап табудан патент алуға жарайтын бірден-бір үміткер адам. Ал Шойгудің өтірігі топастау, онысы анық көрініп тұрады. Қысқасы, мен қазір ғана Азовтағы Калинамен телефон арқылы сөйлестім. Ол мұнда Путиннің мыңдаған орктерінің түні бойы «азовшыларға» екі жүз рет шабуыл жасап, бәрінде де тойтарыс алғанын айтып берді», – деп атап өтті ол.
«РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгу агрессор елдің президенті Владимир Путинге «Мариупольдің азат етілгені» жөнінде өтірік айтып, бірақ артынан қалада «екі мыңнан аса» украин қорғаушыларының бар екенін, олардың бәрі «Азовстальдің» төңірегіне топтасқанын мәлімдеді», – деп жазды «Украинская правда».
Шойгу бұдан бұрынғы кезіндегідей тағы да «енді үш-төрт күнде Мариупольдің толық қарайтынын» баяндады.
Осыдан кейін Путин оны «Мариуполь бойынша соғыс қимылдарын табысты аяқтауымен» құттықтады.
«Анығында, оккупанттар қаланың бірқатар бөлігін басып алғанымен, украин әскерлері оларға ұдайы шабуыл жасап, көп шығынға ұшыратып жатыр», – деп жалғастырды «Украинская правда».
Атап айтқанда, «Азов» полкы соңғы екі тәулік ішінде жаудың 3 танкісін, 2 БМП-сы мен БТР-ын, сондай-ақ ондаған басқыншыны жойып жіберген.
Портал сонымен бірге, 20 сәуір күні теңіз жаяу әскерлері 36-шы бригадасы жауынгерлерінің Украина Қарулы күштері мен Ұлттық гвардияның басқа бөлімшелерімен бірге «Азовсталь» зауытындағы шекарашылар мен полицейлерді эвакуация жасау жөніндегі арнайы операцияны сәтті өткеріп шыққаны белгілі болғанын тағы еске түсіріп өтті.