Украинада РФ армиясының тағы бір генералы оққа ұшты
КИЕВ. 16 сәуір. Украинадағы соғыста РФ-ның 8-ші армиясы қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Владимир Фролов қаза тапты. Бұл туралы DonPress хабарлады.
«Украинада Ресейдің 8-ші армиясы қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Владимир Петрович Фролов жойылды. Ол – украин сарбаздары оққа байлаған петербургтік ең жоғары әскери лауазым иесі», – делінген хабарламада.
Санкт-Петербург губернаторы әкімшілігінің баспасөз қызметі агрессор-генералды жерлеу рәсіміне қала басшысының жеке өзі қатысқанын атап өтті. Губернатор генералдың әскери қызметкердің ұрпағы екенін, оның әкесі Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ қатысып, Хатынь үшін болған ұрыста ерлік көрсеткенін айтты.
Ресей БАҚ-тары Фроловтың Нева жағасындағы қаланың Украинадағы соғыста жантәсілім еткен сегізінші әскери қызметкері екеніне назар аударды. Олардың сапында бұған дейін қатардағы қарапайым жауынгерден подполковникке дейін болды.
Ресей оккупанттары Украинаға қарсы соғыстарының 52 күнінде 20 100 адамынан, 1 крейсерінен, 732 танкісінен, 163 ұшағынан, 145 тікұшағынан, 1 982 бронды машинасынан, 1 458 автомобиль техникасынан, 138 беспилотнигінен, 371 артиллериялық жүйесінен, 125 реактивті артиллериясынан, 66 әуе қорғанысы құралынан (ПВО), 8 кеме/катерінен, 4 ұшырғыш қондырғысынан, 76 жанар-жағар май цистернасынан айырылды.
Тағы бір атап өтетін жайт, Украина Қарулы күштері күні бүгінге дейін Ресей армиясының 20-дан астам генералдары мен жоғары шенді офицерлерін жойып жіберді.
Олардың қатарында мыналар бар:
- генерал-лейтенант Мордивчев Андрей – 8-ші гвардиялық жалпы әскерлер армиясының қолбасшысы;
- генерал-лейтенант Рязанцев Яков – 19-шы жалпы әскерлер армиясының қолбасшысы;
- генерал-майор Герасимов Виталий – 41-ші жалпы әскерлер армиясының қолбасшысы;
- генерал-майор Колесников Андрей – Шығыс әскери округі 29-шы жалпы әскерлер армиясының қолбасшысы;
- генерал-майор Фролов Владимир – 8-ші армия қолбасшысының орынбасары;
- генерал-майор Герасимов Виталий – Орталық әскери округі 41-ші жалпы әскерлер армиясы қолбасшысының бірінші орынбасары;
- генерал-майор Суховецкий Андрей – Орталық әскери округі 41-ші армиясы қолбасшысының орынбасары;
- генерал-майор Митяев Олег – 150-ші мотоатқыштар дивизиясының командирі;
- генерал-майор Тушаев Магомед – Шешенстан ұлттық гвардиясы 141-ші моторлы полкының командирі;
- полковник Захаров Андрей – Орталық әскери округі 90-шы танк дивизиясы 6-шы полкының командирі,
- полковник Порохня Сергей – Орталық әскери округі 12-ші гвардиялық инженерлік жеке бригадасының командирі;
- полковник Николаев Игорь – 3-ші мотоатқыштар дивизиясы 252-ші мотоатқыштар полкының командирі;
- полковник Сухарев Сергей – 331-ші гвардиялық парашют-десант полкының командирі;.
- бірінші рангалы капитан (полковник) Андрей Палий – Қара теңіз флоты қолбасшысының орынбасары;
- полковник Беспалов Александр;
- полковник Межуев Денис – Таман дивизиясы 1-ші гвардиялық мотоатқыштар полкының командирі;
- полковник Руднев Руслан;
- полковник Исайкин Виктор;
- подполковник Ермолин Михаил – 12776 әскери бөлім дивизионының командирі;
- подполковник Сафронов Дмитрий – теңіз жаяу әскерлері бригадасы командирінің орынбасары;
- подполковник Гайсин Ренат;
- подполковник Агарков Юрий – 33-ші гвардиялық мотоатқыштар полкының командирі;
- подполковник Дибиров Дибир – 42-ші гвардиялық мотоатқыштар дивизиясы 291-ші гвардиялық мотоатқыштар полкының командирі;
- подполковник Петрунин Георгий.