Украина: Өткен тәулікте жаудың сегіз шабуылы қайтарылды
КИЕВ. 15 сәуір. Өткен тәулікте Ресей басқыншыларының сегіз шабуылына тойтарыс берілді. Бұл туралы DonPress хабарлады.
Украина Қорғаныс министрлігінің Бас штабы сәуірдің 15-іне қараған түні РФ әскерлерінің сегіз рет жасалған шабуылына тосқауыл қойылып, кері қайтарылғанын атап көрсетті. Содан кейін оккупанттар қару-жарақ, оқ-дәрі және жанар-жағар май қорларын толықтыруға кіріскен.
Украина Қарулы күштері Бас штабының 15.01.2022 күнгі жергілікті сағат 06:00-де Ресей басқыншылығына байланысты жағдай бойынша берген мағлұматы мынадай:
«Ресей Федерациясының біздің елімізге қарсы бастаған кең ауқымды, жаппай агрессиясының елу бірінші тәулігінде жау Украина елді мекендерінің инфрақұрылымдары бойынша ракета-бомбы соққыларын жасауды жалғастырды. Волынь және Полецк бағыттарында Беларусьтің жекелеген қарулы күштері Брест және Гомель облыстарындағы украин-белорус шекарасын жабу міндетін атқарып тұр.
Әзірге Солтүстік және Слобода бағыттарында өзгеріс жоқ.
Оңтүстік Буг бағытында жау позицияларды күшейтіп, қару-жарақтар мен әскери техникалар, оқ-дәрілер мен жанар-жағар материалдары қорларын толтырып алуға әрекет жасап жатыр. Пилотсыз ұшу аппараттарының көмегімен барлау жүргізуде.
Донецк және Таврия бағыттарында жау негізгі күштерін Попасная және Рубежное елді мекендерін басып алуға жұмсауда. Бірақ табысқа жете алған жоқ.
Осылайша, Донецк және Луганск облыстарында өткен тәулік ішінде жаудың сегіз шабуылы қайтарылды, төрт танкісі, алты бронетранспортері, төрт жауынгерлік машинасы, сондай-ақ бір артиллерия жүйесі жойылды».