Ресей Киевті бомбыласа, Украина Мәскеуді атқылайды – Арестович
КИЕВ. 14 сәуір. Украина президенті офисі басшының кеңесшісі Алексей Арестович Ресей Киевке әуеден шабуыл жасаған жағдайда өздерінің Мәскеуге соққы беретін тамаша мүмкіндік алатынын айтты. Бұл туралы УНИАН хабарлады.
«Украина Ресей қалаларын атқылаған жағдайда, Ресей жауап соққы ретінде Киевтің үкіметтік үйлеріне шабуыл жасайтынын баяндап, қоқан-лоққы жасап жатыр. Бұлай бола қалса, Украина қарап қалмай, жауап соққы жасайтын болады, бізде Мәскеуді атқылаудың керемет мүмкіндіктері бар», – деді ол.
Арестович бұл мәлімдемені «Фейгин Live» каналына берген сұхбатында жасады.
Кеңесші РФ-ның Киев орталығын тас-талқан етпек болған мәлімдемесіне жауап бере келіп, Украина жағдайдың бұлай өзгеруіне дайын екенін деді. Өйткені, Кремльден бәрін де күтуге болады.
«Мұның үстіне, мен олардың мінез-құлықтарын жақсы білетін болғандықтан, бейбіт келісімге келердің алдындағы ең соңғы күні сондай әрекеттер жасайтындарына да күмәнданбаймын, кремльдіктердің пиғылы сондай. Олар шешім қабылдайтын басқару органдарын соққылайтындарын. Яғни Украинаның әскери басқармалары, күштік құрылымдардың барлық орталық аппараттары сондай қатерге ұшырайды. Бәлкім, Жоғарғы рада, бәлкім, Министрлер кабинеті, мүмкін, Президент офисі ұшырар соққыға… Біз мұндайға қашанда дайынбыз, алдымен ұшырсын, көрейік», – деп атап көрсетті кеңесші.
Бұдан бұрын Украина президенті офисінің басшысы Андей Ермак Ресей соғыс сценариінің кез келгеніне дайын екендерін мәлімдеген болатын.