17 Қазан, 13:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сайқымазақ Сабуровтың АҚШ-тағы турнесіне тыйым салынды

14 Сәуір 2022 19:27
- Жаңалықтар, Руханият
Сайқымазақ Сабуровтың АҚШ-тағы турнесіне тыйым салынды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

НЬЮ-ЙОРК. 14 сәуір. Ресейде мансабын жасап жүрген қазақ стендап-комик Нұрлан Сабуров Құрама Штаттарда орыс тілді ортада бастаған турнесін ұласпай жатып аяқтауға мәжбүр болды. Бұл туралы nforesist.org хабарлады.

Көп жылдан бері ресейлік аудиторияда өнер көрсетіп жүрген сайқымазақ Нұрлан Сабуровтың (дұрысы Сабыров шығар?) мұхиттың арғы бетіндегі концерттік сапарын дәсәуілден жанжалға ұрындырып алды.

«Сабуров Штаттардағы турнесіне аттанды. Алайда, әрбір концерт сайын әлемдегі оқиғаларға бейжай қарай алмайтын көрермендер одан ресейліктердің Украинадағы соғысын қалай бағалайтынын сұрап жатты. Сонда сайқымазақ ең алдымен өз отбасы үшін қорқатынын немесе «өзінің ешкімнің алдында жауапты емес екенін» айтып, бұлталаққа салды», – делінген хабарламада.

Ал соңғы концерті кезінде Сабуров тіпті шектен шығып кетті. Бір кезде стандапер сахна маңына оккупанттар зорлап, өлтірген украин әйелдерінің символдық кескінін бейнелеу мақсатында үстіне қызыл бояу жағылған ақ көйлек киіп көрінген белсенді әйелді әжуә етіп: «Кешіріңіз, бұл сіздің етеккіріңіз бе?» деп қойып қалды. Сол кезде екі қарауыл әлгі әйелдің екі қолынан ұстап, сыртқа сүйрелеп әкетті.

Бұған негізінен орыс тілді аудитория жұртшылығынан құралған зал мәз-майрам болып, сайқымазаққа қошемет білдіріп жатты.

Сабуровтың бұл көргенсіздеу сөзіне украинның танымал тұлғалары артынша баға беріп, жауап қайтарды. Мысалы, модель Даша Астафьева Instagram-Stories-те өзінің ортаңғы (ортан терек) саусағын көрсетіп, қазақ комигінде адамдық сезімнің мүлде өліп қалғанын атап көрсетті. «Шутка про месячные в твоем гавноспитче, окончательно убило в тебе человека. А мужчины там и не было!» деп жазды ол.

Украин тележүргізушісі Маша Ефросинина залдағы жұрт пен комиктің осы арқылы халықтың азғын бөлігі болуға лайық адамдар екендерін көрсеткендерін мәлімдеді. Ол сондай-ақ өзінің каналына жазылушылардың бірінің осы концерт алдындағы акцияға қатысып, одан қатты шошығанын жеткізгенін әңгімеледі. Оның айтуынша, Бучада өлтірілген және азапталған адамдардың суреттері көрсетілгенде, орыстар украиндардың беттеріне қарап, келекелеп күліпті.

Тегі украин америкалық бизнесмен Даниэль Тонкопий осыдан кейін Америкадағы украин диаспорасы, белсенділер мен дипломаттар Сабуровтың Чикагодағы концертін болдырмай тастауға қол жеткізгендерін Facebook-те хабарлады.

«Бұған Украина мен Еуропаның адамдары белсене көмектесті. Бізге ресейліктер, қазақтар және белорустар көмек берді! Біз бәріміз бірге бұл прецендентті жасадық, ал Америкада прецендент қатты құрметтеледі – мұнда прецедент құқығы бар. Енді алда осындай жағдай қайталанатын болса, осы сәтті прецендентке жүгінуге болады», – деп атап өтті Тонкопий.

Комиктің бұл әрекетін Украинадағы соғыстың жалғасуын тілеп жүрген америкалық орыстардан басқа ешкім де қолдаған жоқ, қайта сын нөпірінің астында қалды.

Әзілді де айта білу ақылға келетін тірлік қой!

Таңбалар: АмерикаНұрлан Сабуровтурне

Ұқсас мақалалар

Щи Трампты Тайваньға орай жанжал туып кетуінен сақтандырды
Қоғам

Біріккен Ұлттар Ұйымы банкроттық жағдайға келіп тіреліп тұр

02.06.2026
Ресейден аулақтай бастаған Армения АҚШ-пен тез тіл табысуға кірісті
Әлеумет

Ресейден аулақтай бастаған Армения АҚШ-пен тез тіл табысуға кірісті

26.05.2026
АҚШ банкі Украина соғыстан соң «фин тағдырын» қайталайды деді
Дәулет

АҚШ банкі Украина соғыстан соң «фин тағдырын» қайталайды деді

16.05.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist