Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Байден Ресейдің Украинадағы әрекеттерін «геноцид» деп атады

ВАШИНГТОН. 13 сәуір. АҚШ президенті Джо Байден Ресейдің Украина қалаларында жасаған әрекеттеріне бірінші рет «геноцид» деген баға берді. Бұл туралы BBC хабарлады.

Бұдан бір апта алдын ғана ол РФ-ның украин жеріндегі әрекеттеріне қатысты «әскери қылмыстар» деген терминді қолданған еді.

Алайда, Америка президенті сәрсенбі күні ресейлік оккупанттар тарапынан бөгде елдің – Украина мемлекетінің территориясында жасалып жатқан ұрыс қимылдарына қатысты  екі мәрте «геноцид» деген сөзді қолданғаны белгілі болды.

Журналистер осы тіркес жайын қайталап сұрағанда, Байден: «Иә, мен оны саналы түрде «геноцид» деп айтып тұрмын. Себебі, диктатор Путиннің украиндарды жер бетінен жойып жіберуге бағытталып жатқан әрекеттеріне басқаша баға беру мүмкін емес», – деді.

Байденнің айтуынша, оны мұндай тұжырымға ресейліктердің өздері басып алған территорияларда жергілікті бейбіт тұрғындарға қарсы жасап жүрген зұлымдықтары мен оларды жаппай қырғынға ұшыратып жатқаны мәжбүр еткен. Ол мұны заң жүзінде «геноцид» деп атауға болар-болмасын заңгерлер анықтап беретінін айтты.

Украина президент Зеленский америкалық әріптесінің бұл сөздеріне «Твиттерде» іле жауап қайтарды. «Әр нәрсені орнымен атай алудың өзі – зұлымдыққа қарсы күресте зор маңызға ие», – деп жазды ол.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button