Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Назарбаевтың Қаңтар оқиғасына қаншалықты қатысы бары тексеріледі

АСТАНА. 13 сәуір. Бұрынғы президенттің інісі Болат Назарбаевтың Алматыда орын алған Қаңтар оқиғасына қаншалықты қатысты бар екені тексерілетін болады. Бұл туралы Dala инсайд хабарлады.

Сайттың хабарлауынша, ведомоствоаралық тергеу тобы қазір Болат Назарбаевтың мемлекеттен қомақты көлемде қаржы жымқыру фактісі бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ақпарат құралының өз мәнбесі мұның соңынан оның Қаңтар оқиғасына қаншалықты қатысы бар екені де түбегейлі тексерілмек екенін алға тартады.

Кезінде Болат Назарбаевтың Қаңтар оқиғасы басқаша реңк ала бастаған уақытта, айдың 6-сы күні Бішкек арқылы Дубайға ұшып кеткенін артынша хабарлаған болатын.

Тағы еске сала кетейік, Болат Назарбаевтың туған ағасы – Сатыбалдының үлкен ұлы Қайрат Сатыбалдыға қатысты жүргізіліп жатқан тергеу үдерісі қазір аяқталуға жақындады. Енді оның да Қаңтар оқиғасына байланысты атқарған рөлі анықталу үстінде.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button