Украинада 20 журналист Ресей агрессиясының құрбаны болды
КИЕВ. 13 сәуір. Украинада 20 журналист Ресей басқыншыларының қолдарынан қазаға ұшырады. Бұл туралы Obozrevatel хабарлады.
«Ресей фашистері өздері бастаған басқыншылық соғыстың 48 күні ішінде Украинада 20 журналисті өлтірді. Құрбан болғандардың арасында сондай-ақ шетел бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де бар», – делінген хабарламада.
Украина Ұлттық журналистер одағы кеше осындай қайғылы статистика келтірді. Одақ ресейлік оккупанттардың оқтарынан қаза тапқан медиа қызметшілерінің тізімін жариялады.
Тізім Украина Бас прокурорын офисінің ресми мағлұматтары бойынша дайындалды. Оған 12 сәуір күнгі есеп негізінде БАҚ-тардың 20 өкілі кірді.
Бұдан екі апта алдын бұл тізім 18 адамнан тұратын еді. Алайда, 8 сәуір күні белгілі журналист және жазушы Евгений Бальдің қайтыс болғаны мәлім болды. 78 жастағы қаламгерді Ресей нацистері 2 сәуірде Мариупольде әбден азаптап өлтіріпті.
Ал 12 сәуірде Черниговтегі танымал «Дитенец» телеарнасында видеоинженер болып істеген Роман Нежиборецтің атып өлтірілгені туралы ақпарат тарап еді. Оның әйелі мен ұлы жертөледе оккупанттардың кепілі болып отырып, Романның қайғылы жағдайы жайлы ештеңе білмеді.
Қаза тапқан медиашылар тізімі:
- Пьер Закжевски
- Александра Кувшинова
- Александр Лыткин
- Павел Ли
- Сергей Пущенко
- Евгений Сакун
- Брент Энтони Рено
- Оксана Баулина
- Дилербек Шакиров
- Виктор Дедов
- Виктор Дударь
- Лилия Гумянова
- Юрий Олейник
- Олег Якунин
- Максим Левин
- Мантас Кведоравичюс
- Сергей Заиковский
- Денис Котенко
- Евгений Баль
- Роман Нежиборец.
Obozrevatel литван режиссері Мантас Кведаравичюстің Мариупольде қаза тапқанын хабарлады.