Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Министр «Әліппенің» латын қарпімен қашан шығатынын айтты

АСТАНА. 12 сәуір. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Әліппе» оқулығын латын графикасымен шығаруға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Министрдің айтуынша, латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиін зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Соңғы нұсқасы әлі қабылданған жоқ.

«Латын графикасы бойынша әлі зерттеу жүріп жатыр. Оны алдын ала осылай болады деп айтуға әлі ерте. Зерттеулер аяқталғаннан кейін мәселені нақты айтатын боламыз, халыққа жариялаймыз және талқылауға саламыз. Сосын тиісті шешім қабылдаймыз. Бұл ғылым ғой. Біз олар қандай нәтижеге келетінін айта алмаймыз», – деді министр.

Ведомоство басшысы латын графикасының соңғы нұсқасын қабылдап алу қажет екенін жеткізді.

Айта кетерлігі, Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова бұдан бұрын «Әліппенің» латын графикасы негізінде шығарылғалы жатқанын айтқан болатын.

Ал 2021 жылдың басында латын әліпбиінің жаңа жобасы таныстырылып еді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button