Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Қостанайда өзіне өзі қол салғысы келген әйел құтқарылды

ҚОСТАНАЙ. 12 сәуір. Қостанай қаласында көпірден секіріп, өз өмірін қимақшы болып тұрған әйелді бір жігіт анық ажалдан арашалап қалды. Бұл туралы «Наша газета» хабарлады.

Оқиға бүгін, 12 сәуір күні жергілікті уақытпен 11:20 сағатта орын алған.

Облыс орталығының КЖБИ ауданында көпірдің үстіне шығып, секірмекші болып тұрған әйелді байқап қалған жігіт оған жақын келіп, алған бетінен қайтарады.

«Мен бір әйелдің көпірдің ернеуінен өтіп, төменге секірмекші болып тұрғаны көріп қалдым да, көлігімді тоқтаттым. Сосын машинадан түсіп, оның жанына келдімде бұл жан ұшырған қадамнан бас тартуға шақырдым. Сөйлесе келе, әйелді райынан қайтардым. Соңынан «102» пультін басып, болған оқиға жайында хабарладым», – деді Дамир Жүсіпбеков есімді жігіт.

Екі минуттан кейін оқиға орнына Дархан Тоқтаров пен Тоқсанбай Қарағозин құрамындағы автопатруль жетіп келеді.

Анықталғаны, 44 жастағы әйел күйеуімен ажырасқан екен, сондықтан өмірмен қоштаспақшы болыпты.

Полициядағылар суицид жасағысы келген әйелді аман алып қалған қала тұрғыны Дамир Жүсіпбековті осы белсенді азаматтық позициясы үшін марапаттау шарасын ойластырып жатқандарын айтты.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button