Жаңалықтар жаңғырығыТаным

Бучадағы қырғынды жасаған Ресей бригадасы белгілі болды (видео)

Украиналық журналист Роман Цимбалюк кеше түнде-ақ Киев облысындағы Буча қаласында бейбіт тұрғындарды азаптап, атып, зорлап, өлтіріп, қырғын сап кеткен Ресей армиясы әскери бөлімшесінің белгілі болғанын атап көрсетті.

Волонтерлер бұл үшін грузиялық Иракли Комахидзеге алғыс айтады. Ол осындай деректерді анықтауға ылғи орасан зор, фантастикалық іс-әрекеттер жасап жүр.

«Третья сила» Telegram-каналы Бучада сол күндері Ресей Қорғаныс министрлігі Қиыр Шығыс әскери округіне қарасты 35-ші жалпы әскери армиясының 64-ші жеке мотоатқыштар бригадасы тұрғанын атап өтті.

Бригада командирі – подполковник Омурбеков Азатбек Асанбекович.

Мәнзілі: Хабаров өлкесі, Хабаров ауданы, Мотострелковый проезді, №3 үй. ☎ телефон (4212) 397103.

 

Бригаданың дислокациялық орны: Хабаров өлкесі, Хабаров ауданы, Князе-Волконское селосында (позывное – Млечник) орналасқан 51460 әскери бөлім.

Бучада жалпы саны 400-ден астам адамның азапталып өлтірілгені анықталды. Соның ішінде қалада 16-дан 60-қа дейінгі ер кісілерден ешкім тірі қалмапты.

Журналист Роман Цимбалюк қазір бригаданың жеке құрамы ғана емес, сонымен қатар олардың отбасы мүшелеріне дейін белгілі болып отырғанын айтты.

Кейінірек InformNapalm сайтында бұлар жөніндегі барлық архив мәліметтері мен түсіндірмелер жарияланды.

Ал news.obozrevatel.com сайты бригада командирінің – қырғыз, ал жеке құрам жауынгерлерінің басым бөлігі орыстар, сосын буряттар екенін атап көрсетті.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button