РФ армиясы Бучаны «Бауырластар бейітіне» айналдырды (видео, фото)
КИЕВ. 3 сәуір. Украин Қарулы күштері Киев облысындағы Буча қаласын жаудан азат еткеннен кейін оккупанттардың жергілікті тұрғындарды қалай қырып-жойғанын көрді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Шағын қала агрессорлардың қол астында болған кезінде «Бауырластар бейітіне» айналып кеткен. Мұнда 280 адам өлтірілген. Дұшпан солдаттары оларды кез келген жерде, – көше бойларында, үйлердің ауласында, өз шаңырақтарының басында, балалар бақшасы мен мектептерде, – атып тастап кете берген. Көпшілігін ту сырттарынан – арқалары мен желкелерінен өте жақын жерде тұрып атқан.
Азат етуші украин әскерлерилері келгеннен кейін жау қолынан қаза тапқан марқұмдардың атылған жерлерінде шашылып жатқанын көрген.
Буча қаласының мэрі Анатолий Федорук елді мекеннің «Бауырластар бейітіне» айналып кеткенін әңгімеледі. Өлтірілгендердің біразының қол-аяқтары байланған, шұңқырларға тасталған, денелеріне неше түрлі зақым келтірілген болып шықты. Мұның бәрі марқұмдардың жан тапсырар алдында әбден азапталғанын көрсетеді.
Оның айтуынша, көшеде атылғандар арасында 14 жастағы балалар да бар. Оккупанттар өздерінің қарусыз екенін білдіретін ақ шүберек байлап алған адамдардың өзін екі сөзге келмей, ермекке атып тастаған.
Украина президенті офисі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк көше бойларының жайрап жатқан өліктерге толы екенін айтты.
РФ әскери қызметкерлері бұдан 100 жыл бұрын большевиктер чекистері украиндарды қалай өлтірсе, соны қайталап отыр.
Михаил Подоляк осының бәрін видеода көрсете отырып, Еуропа лидерлеріне оқиғаның барысын қатқыл түрде айтып берді. Бұл Ұлы Отан соғысындағы белорустың Хатынь деревнясындағы жағдайға да ұқсайды.
«Біздің еуропалық әріптестеріміздің пікірлерінше, ең бастысы – орыстарды (зұлым әжуа) арандатып қоймау ма? Бастысы, Үшінші дүниежүзілік соғыстың басталып кетуіне жол беріп алмау ма? Бастысы, ресейліктерді ренжітпеу ме, олар атом бомбасын қолданбау үшін?… Олар қазір нені қолданбай жатыр? Ракеталар, авиабомбылар, танкілер… бейбіт тұрғындарды жаппай қырып жатқан жоқ па, тұрғын үй махаллаларын бомбылап жатқан жоқ па, жаппай атып жатқан жоқ па, тура концентрациялық лагерьдегі сияқты? Олардың қолдабаған несі қалды?», – делінген Подоляктың хабарламасында.
Ол әлемнің Бучадағы, Ирпеньдегі, Гостомельдегі адамзатқа жат, адам айтып жеткізгісіз кең ауқымды сұмдықтарын көріп жатқанын атап өтті.
«Азапталған, зорланған, қол-аяқтары байланып тасталған, тағы да зорланған, тағы өлтірілген жүздеген, мыңдаған адамдар алдымыздан шығып жатыр. Олар айрықша шектен шыққан айуандықпен өлтірілген. Жүздеген, мыңдаған бейбіт украин азаматтары. Осы кезде тамаққа тойып алып, алаңсыз ұйықтап жатқан, өте беделді, асқақ «Еуропа лидерлері», жүздеген Еуропа саясаткерлері сіздер бұған не айтасыздар? XXI ғасырда ресейліктердің Киев облысында ұйымдастырған тозақтарын бейнелейтін суреттерді көруге құлықтарыңыз бар ма? «XXI ғасырдың Сребреницасын» көргілеріңіз келіп еді, міне, енді көрдіңіздер. «Орыс әлемін» ынталандыра отырып, Треблинканы реинкар етпек болып па едіңіздер? Бәрі тұр осында тұр», – деді ол.
Бұдан бөлек, политтехнолог Тарас Березовец те Бучадаға жаппай қырғынға қатысты әңгімеледі.
«Киевтің түбіндегі шағын ғана Буча қаласы – украинның Сребреницасы. Бұл жерде бейбіт украин азаматтары жаппай өлтірілді, олардың кейбірі жай атыла салынса, кейбірі қатты азапталғаннан кейін бастарына оқ алды. Тура өлім жазасына бұйырылған адамдар сияқты. Бұл – Ресейдің идеялық жігерлендіруші қанқұйлы диктаторы Путин – Иосиф Сталиннің қолтаңбасы. Бұл НКВД стилінде жасалған қолтаңба. Ресейдің репрессиялық жүйесі әлі күнге дейін үлгі етіп отырған чекистер бұдан 100 жыл бұрын украиндарды тап осылай қырып салған», – деп жазды ол.
Березовец сондай-ақ ресейліктер Бучада украиндарды, жасы мен жынысына қарамай, бір ғана себеппен – олар украин болғаннан кейін ғана өлтіргенін атап өтті.
«Осылайша Буча енді украин халқы геноцидінің куәсі болады. Ресей әскерилерінің Еуропаның қақ ортасында украиндарды жаппай айуандықпен өлтірген картинасын көріп отырған демократиялық әлемге мұны геноцид белгілері бар соғыс қылмысы деуден басқаға амалы қалмайды. Осыдан кейін енді азат етілетін территориялардан біздің көретін бұл сұмдықтардың толық көрінісі қандай екенін көзге елестету қиын емес. Жаппай азап көрсету, әйелдер мен балаларды зорлау, азаматтарды өлім жазасына кесу – бұл Путин «азаткерлері» жасаған айуаандықтардың толық тізбесі ғана», – дегенді қосты ол.
Израильде тұратын Михаил Бродсий Twitter-де ресейлік оккупанттардың Бучада жасаған айуандықтарын ешқалай ақтап алуға болмайтынын жазды.
«Мен Бучадағы суреттерді көріп отырып, жағамды ұстадым. Сұмдық. Бейбіт тұрғындарды бұлайша өлтіру әскери қылмыс болып табылады, оларды ақтап алу мүмкін емес», – деп атап өтті ол.
Ирпень қаласынығ мэрі Александр Маркушин баспасөз мәслихатында елді мекенді Ресей агрессорларынан тазартудың кемінде 50 украин солдатының өмірлерін жұлып кеткенін әңгімеледі.