Украин ұшқыштары Белгородтағы мұнай базасын отқа орады
БЕЛГОРОД. 1 наурыз. Ресейдің украин шекарасына жақын маңдағы Белгород қаласында мұнай базасы украиндар тастаған авиабомбадан өртеніп жатыр. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Ресейліктердің болжамынша, мұнай базасына Украина тікұшақтары авиабомба тастаған.
Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков осының сладарынан мұнай базасының екі жұмысшы қаза тапқанын баяндады. Оның айтуынша, мекемедегі өрт украинның екі тікұшағының өте төменгі биікте Ресей шекарасынан ұшып өтіп келіп, авиасоққы жасауы нәтижесінде тұтанған.
Бұдан бір апта алдын Гладков облыс территориясына Украина аумағынан жіберілген снарядтың жарылғанын мәлімдеген болатын. Осыған орай Журавлевка және Нехотеевка селоларында төтенше жағдай режимі жарияланған. Бұл елді мекендерден 180 адам Белгородқа эвакуация жасалған.
«Киевке бағынышты басылымдар бұдан екі күн бұрын Белгородтағы әскери қалашық территориясында жарылыс болғанын, одан жараланған адамдар бар екенін жазған болатын», – деп жазады осы ретте «Украинская правда».
Осы аралықта Украина Бас штабы Ресейдің Киев төңірегінен әскерлерлерін ішінара солтүстікке қарай әкете бастағанын хабарлады. Сөткеде украин армиясы басқыншылардың Дон және Луган бағыттарындағы 7 шабуылына тойтарыс берген. Осы шайқастарда украин әскерлері жаудың 3 танкісін, 2 бронетранспортерін, 2 машинасын және 2 артиллериялық жүйесін жойып жіберген. Бұдан бөлек «Орлан-10» типті бір БПЛА атып түсірілген.
«Жау уақытша басып алған территорияларында заңға қарсы әрекеттер жасауын жалғастыра түсуде. Атап айтқанда, азаматтардың еркін жүріп-тұруларына кедергі келтіреді, олардың үйлері мен пәтерлерін жеке құрамды орналастыруға пайдаланады, жергілікті тұрғындар мен белсенділерді кепіл ретінде ұстайды. Украина азаматтарына қатысты зорлық пен мародерлік жалғасып жатыр», – делінген хабарламада.