Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Украина: Ирпень оккупанттар қол астынан босатылды

КИЕВ. 28 наурыз. Киев облысындағы Ирпень қаласы бүгін Ресей агрессорларының қол астынан босатылды. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Жақсы жаңалықты алдымен Ирпень қаласының мэрі Александр Маркушин Telegram-каналда таратты.

«Біздің Ирпень мәскеулік жын-шайтаннан босатылды! Украина жасасын! Қорғаушыларымыздың даңқы арта берсін! Ерлеріміз мәңгі есімізде», – деп жазды ол.

Мэр сондай-ақ қалада қазір қалған жауларды тазарту жүріп жатқанын, ресейліктердің әлі шабуылдаулары мүмкін екенін баяндады.

«Сондықтан Ирпень тұрғындарына әзірге қалаға қайтпай қоя тұруды сұраймын. Қауіп әлі сейілген жоқ», – деді ол.

Харьковтің төбесінде жаудың бір ұшағы атып түсірілді.

Басқыншылар бүгін Киевке бес рет шабуыл жасады. Олар қаланы солтүстік-батыс пен шығыс жақтан соққыға алды. Бірақ бәрінде де жаудың беті қайтарылды. Ресейліктер осы шайқаста 2 танкісінен, 1 БМП-сынан айырылды. Қаза тапқан жауынгерлері де аз емес.

Украина Қарулы күштерінің бас штабы осы кезге дейін Ресей армиясының 17 мың жауынгерінің көзі жойылғанын мәлімдеді.

Бұлардан бөлек тағы мынадай техникаларынан айырылды:

  • танк ‒ 586 бірлік
  • жауынгерлік бронды машина (БМП) ‒ 1694 бірлік
  • артиллерия жүйесі – 302 бірлік
  • РСЗО – 95 бірлік,
  • ПВО құралы – 54 бірлік
  • ұшақ – 123 бірлік
  • тікұшақ – 127 бірлік
  • автомобиль – 1150 бірлік
  • кеме /катер – 7 бірлік
  • ГСМ цистерналары – 73 бірлік,
  • БПЛА жедел-тактикалы деңгейдегі – 66 бірлік
  • арнайы техника – 21 бірлік
  • ОТРК/ТРК қондырғылары – 4 бірлік

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button