Ресей Украинаның орыс тілінен бас тартуына өзі себепші болуда
КИЕВ. 27 наурыз. Украина президенті Владимир Зеленский елде орыс тілінің дәурені жоғалуына Ресейдің өзі себепші болып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы «РБК-Украина» хабарлады.
Украина басшысы Ресей әскерлерінің басып кіргеніне дейін елде ешқандай тіл проблемасы болмағанын сөз етті. Ал қазір орыс тілі мұнда басқыншылықтың, озбырлықтың, зұлымдықтың, адам өлтіру мен жарылыстың кепілі сияқты болып естіледі.
Зеленский өзінің бүгін Мариупольды қорғаушы ерлермен орыс тілінде сөйлескенін жеткізді. Себебі, Украинада ешқашан тіл проблемасы болған емес.
Ол орыс тілінің енді елден кетуіне (дерусификация) Ресей басқыншылары бірден-бір себеп болып жатқанын баяндады. Украина армиясындағылар түгелдей дерлік орыс тілінде сөйлеуге көшкен. Халық арасында да осындай тенденция басымдық алып келеді.