Ресей Украинаға «Хизбулла» содырларын алдырып жатыр
МИНСК. 27 наурыз. Ресей армиясының Украиндағы соғысқа шетелдерден содырларды ақшаға жалдап әкеліп жатқаны сөз болуда. Бұл туралы «Белсат» хабарлады.
«Украинаға Оңтүстік Осетиядан әскерилер келді. Ресейліктер енді «Хизбулла» мүшелерін әкелмек болып жатыр», – делінген хабарламада.
Ресейдің Украинадағы соғысқа басқа әскерилерді, тіпті шетелдерден терроршыларды да тартып жатқаны жайлы жаңа ақпарлар келіп түсуде.
Мысалы, 26 наурызда украинның Мелитополінде осетин жалауын желбіретіп келген әскери техника көрінген.
Соның алдында өзін өзі жариялаған Оңтүстік Осетияның президенті Анатолий Бибилов өзінің телеграм-каналында осетин әскерлерін Украинаға жіберіп жатқан кезін салған болатын.
Оңтүстік осетиндер украин жеріне келіп жатқан сырт әскерлердің соңы емес. Мысалы, 25 наурызда Ресейдің ЧВК «Вагнер» тобының шииттік терроршыл «Хизбулла» тобырымен келіссөз жүргізіп жатқанын жазды. Нәтижесінде Сириядан 800 лаңкестің келетіні аян болды. Олардың әрбіріне ай сайын 1500 доллардан ақы төленеді.
Ал 29 наурызда Беларусь жеріне Шам шаһарынан 200 араб жауынгері келмекші.