Алибасовтың ұлы 20 млн рубль алып қашқан
Ресейлік продюсер Бари Алибасовтың ұлы 20 млн рубльді ұрлап алып, қашып кеткен. Бұл турды «Лента.ру» хабарлады.
«Семь дней» журналының тілшісіне берген жауабында продюсер өзінің уланып қалуына байланысты қарбалас арқылы жиналған ақшаны ұлының алып, белгісіз бір жаққа қашып кеткенін айтқан.
«Қазіргі жастар бәрінен ақша тапқысы келеді, – деді ол өзінің ауруханада жатқан суретін көрсете отырып. – Әкесі өлім аузында жатыр, ал ол үшін бұл пиар болыпты».
Продюсер өзінің бұл пиардан ештеңе таппағанын айтты. «Ұлым тапты! 20 миллион! Мен осы ақшаға маған ең болмаса, коржик сатып әпер, деймін. Болмаса 100 рубльге дәрі әпер деймін. Ал сол күйі жоқ болып кетті. Содан бері мен оны көрген жоқпын…», – деді шоумен.
Шілдеде Алибасов өзінің ұлы мен «На-На» тобының пиар-директорын ауру адамдар деп еді. Оның айтуынша, өзінің уланып қалғаны жайындағы шуды солар көтеріп жіберген.
Ауруханадан шыққаннан кейін Алибасовтың өзі де телеэфирден бірден көрінген. Осыған байланысты оның уланып қалғанына жұрттың бәрі бірдей сенген жоқ. Скептиктер телеэфирдің жиі қонағы болып жүретін продюсердің сөздері сенімді, анық сөйлейді, уланып, комада жатып қалған адамға ұқсамайды деп шықты. Шілденің ортасында «Пусть говорят» бағдарламасын түсіру кезінде Алибасов мұның барлық сәтсіздіктері Лидия Федосеева-Шукшинамен үйленгеннен кейін басталғаны туралы болжам айтқан құрбысы ұрды.
Продюсер ауруханаға дәрі орнына «Крот» деген тұрба тазалағыш тұнбаны ішіп қойғаннан кейін 4 маусым күні түскен еді. Дәрігерлер оның асқазаны барынша күйіп қалғанын анықтады. Сол кезде продюсердің жеті күн комада жатқаны хабарланды. 17 маусымда Склифосовский атындағы ғылыми-зерттеу институтынан емделіп шықты.