Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Путин Лукашенконы Украинадағы соғысқа қатысуға «азғырып» отыр

МИНСК. 22 наурыз. Ресей президенті Владимир Путин өзі үшін сәтсіз жүріп жатқан Украинадағы соғысқа Беларусь армиясын да қосқысы келген ниетінен қайтар емес. Бұл туралы УНИАН хабарлады.

Беларусь Қорғаныс министрінің кеңесшісі Вадим Денисенко Беларусьтің Украинаға қарсы соғысудан бас тартып отырғанын, әзір мұның мүмкін емес екен, алайда, Ресей президентінің осы ұсынысты қоймай тұрғанын мәлімдеді. Ол мұны ақпараттық телемарафон кезінде тікелей эфирде айтты.

«Бірақ Беларусьтің басып кіруі ықтимал екенін жоққа шығаруға болмайды. Путин Лукашенконы соғыс қимылдарына қатысуға азғыруды қоймай отыр. Оның халқы – белорустар – соғысқылары келмейді және бұл айқын нәрсе. Принципінде Беларусь соғыстан біржола бас тартты деп те айтуға болмайды. Сондықтан Лукашенко бұралаңдап бағып жатыр. Шынын айтқанда, біз Волыньге де, Житомирге де шабуыл жасауға дайынбыз», – деп атап өтті Денисенко.

Ол Украинаның мұндай қадамды күтіп отырғанын да айтты.

20 наурыз күні Украина Қорғаныс министрлігі Беларусь қарулы күштерінің соғысқа дайындалып жатқандарын мәлімдеген болатын. Бас штаб соның ішінде белорустардың Волынь бағытында шабуылға шығатындарын да жеткізді.

Ал кеше Беларусь Қорғаныс министрлігі украин шекарасынан өздерінің десантшыларын алып кеткендерін хабарлаған еді.

Украина жағы белорустарға мұндай келген бойда тұтқын болып берілуді, қылмысты бұйрықты орындамауды ұсынып отыр. Сонда екі жақта да қантөгіс болмайды, өздері де аман қалады.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button