Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Сумы облысында Ресейдің 300 солдаты соғысудан бас тартты

КИЕВ. 22 наурыз. Сумы облысының Ахтырка ауданында Ресей басқыншыларының 300-ге жуық сарбазы соғысудан бас тартып, бет-бетіменн кетіп қалды. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

«Сумы облысының Ахтырка ауданында Ресей әскери қызметкерлерінің басшылыққа бағынбау оқиғасы тіркелді. Сол жерде 300-ге жуық оккупант ұрыс қимылдарын жүргізу жөніндегі бұйрықты орындаудан бас тартты, сөйтіп, 70 техника бірлігіне отырып, операция өткізілетін ауданнан кетіп қалды», – делінген Украина Қарулы күштері бас штабының мәлімдемесінде.

Осы тұста Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі Ресейдің гипердыбысты ракеталарды пайдаланғанын, осы арқылы өздерінің «прогрестен шеткері қалмағандарын байқатқылары» келгендерін баяндады.

Украина Қорғаныс министрлігінің бас штабы Ресей басқыншыларының азық-түліктен үш күндік қана қоры қалғанын жеткізді. Жанар-жағар майдың жайы да сондай.

Кешеден бері Украин армиясы агрессорлардың шабуылдарын барлық майданда тоқтатты. Енді қарсы шабуыл басталып жатыр.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button