Жаңалықтар жаңғырығы
Макрон: Франция Еуропада болатын соғысқа дайындалады
ПАРИЖ. 18 наурыз. Франция президенті Эммануэль Макрон елдің жоғары интенсивті соғысқа дайын болуы тиіс екенін мәлімдеді. Бұл туралы «Liberation» газеті хабарлады.
Мемлекет басшысы континентке сұрапыл соғыстың оралуы мүмкін екенін ойға алды.
Макрон өзінің бұл тұжырымын сайлау алдындағы іс-шара кезінде айтып, 2025 жылы Францияның қорғаныс бюджеті 50 млрд еуроға жететінін білдірді (Қазір ол 40 млрд еуродан сәл асады).
Президент өз сөзінде ғарыш пен киберкеңістіктегі жанжалдардың жаңа типтері фонында икемді бола білгеннің маңызды екеніне тоқталды. Ол сонымен қатар Қарулы күштердегі резервистердің санын арттыру керек екеніне де назар аударды.