Байден Путинді бірінші рет «соғыс қылмыскері» деп атады
ВАШИНГТОН. 17 маусым. АҚШ президенті Джо Байден Ресей президенті Владимир Путинді өмірінде бірінші рет «соғыс қылмыскері» деп атады. Бұл туралы Би-би-си хабарлады.
«Америка әкімшілігі осы кезге дейін бұл терминді қолданудан, соның ішінде тікелей қойылған сұрақ кезінде де қашып келіп еді», – деп жазады агенттік.
Бірақ айтпасқа болмады. Ақ үйде сәрсенбі күні өткен шарадан кейін журналистермен кездесуі кезінде Байден: «Мен оны соғыс қылмыскері деп ойлаймын», – деді.
Байденнің бұл түсіндірмесі АҚШ-тың Украинада болып жатқан оқиғаларға берген бағасының өзгергенін білдіре ме, деген сұраққа Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки президент сөзінің өзі көп нәрсені байқатып тұрғанын айтып жауап берді. «Ол бөтен елге басып кірген зұлым диктатордың жабайы әрекеттерін бәріміз теледидардан көріп отырғаннан кейін осыны айтты», – деді Псаки.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен бұдан алдын өздерінің Ресейдің Украинадағы бейбіт тұрғындарға шабуылы барысын мұқият қадағалап отырғандарын жеткізді.