Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Байден: Украинаға қару береміз, босқындарын қуана қабылдаймыз

ВАШИНТОН. 15 наурыз. АҚШ президенті Джо Байден Украинаға қару-жарақ беретіндерін айтып сендірді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

«Біз Украинаның Ресей күштеріне қарсы тұра алуына қамқорлық жасаймыз. Біз украиндарды сақтап қалу үшін ақша да, азық-түлік те. көмек те жібереміз», – деді ол.

Мұны президент Twitter-де жазды.

Ақ үй сонымен қатар Джо Байденнің жақын арада Еуропаға сапарға шығуы жайы қарастырылатынын жеткізді. Ол мұнда Украинадағы соғысқа байланысты одақтастарымен ақылдасу үшін келмекші.

Ал бүгін Киевке Польша, Чехия және Словения премьер-министрлерінің келетіндері белгілі болды.

АҚШ президентінің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан Ресей армиясының Львовтің түбіндегі Яворив полигонын атқылауы Путиннің мына соғыстан түңілгенін білдіретінін айтты. Ведомство спикері Джон Кирби онда қазір бірде-бір америкалық солдат жоқ екенін алға тартты. «Әскері жоқ полиганды атқылау. Бұл – жан-далбасалау. Онда әскер болса, шабуылды қайтарар еді», – деді ол.

Украина православие шіркеуінің митрополиті Эпифаний кеше телемарафон кезінде сөйлеген сөзінде Ресей басқыншаларын өлтіру күнәға жатпайтынын баяндады.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button