Ресей Украинада Шешенстандағы екі соғыстан көп зардап шекті
КИЕВ. 15 наурыз. Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің Украинаға жасаған агрессиясының екі апталық мерзімінде Шешенстанда болған екі соғыстан көп шығынға батып отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
«Украина президенті Владимир Зеленский жаудың шығындары, атап айтқанда, Украинада Ресей жауынгерлерінің Шешенстанда көп жылға созылған екі соғыс кезіндегіден де көп шығынға ұшырағандары хақында айтты», – делінген хабарламада.
«Біздің ержүрек отан қорғаушылар Ресей әскерлеріне күйрете соққы беруді жалғастырып жатыр. Жақын арада атып түсірілген Ресей тікұшақтарының саны жүзге жетеді. Қазірге дейін ол 80 соғыс ұшағынан айрылды. Жүздеген танк, мыңдаған басқа техникалар бірліктері қиратылды. Ресей армиясы 19 күнде Украинада Шешенстандағы екі ұзақ жылдық қантөгісінен де көп адам шығынына ұшырады. Сонда бұл не үшін?», – деді Зеленский.
АҚШ Қорғаныс министрлігі Ресейдің соғыс бастағалы бері Украинаға 900-ден аса ракета жібергенін мәлімдеді.