Кешегі күн қорытындысы: Ресейдің 4 тікұшағы жойылды
КИЕВ. 15 наурыз. Украин Қарулы күштері кеше Ресейдің 4 тікұшағын, ұшағын және ракетасын жойып жіберді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
«14 наурызда Украина Қарулы күштерінің Әуе күштеріне қарсы қорғанысы оккупанттардың 4 тікұшағы мен 1 ұшағын жойып жіберді. Бұдан басқа, украин истребителі жаудың қанатты ракетасын атып түсіргені расталды», – делінген хабарламада.
Бұған қоса, Ресейдің «Орлан-10» типті БПЛА-сының Румыния жеріне барып құлағаны белгілі болды.
Осы күні Донецк бағытында украин әскерлері дұшпанның шабуылын қайтарып, 100 қаралы жауынгерін жер жастандырды. Шабуыл барысында басқыншылар 2 танкісінен, 3 БМП-сынан және 1 БТР-ынан айрылды.
Харьковте сол күні Help Army волонтерлер ұйымының 26 жастағы мүшесі ресейліктердің атқылауы салдарынан Горький паркінің түбінде қаза тапты.