Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика
РФ Қытайдан әскери және экономикалық көмек сұрады
ВАШИНГТОН. 14 наурыз. АҚШ-тың ресми тұлғалары Ресейдің Қытайдан Украинамен соғыста өзіне әскери және экономикалық көмек көрсетуін сұрап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы «The New York Times» хабарлады.
Құрама Штаттар билігі өкілінің айтуына қарағанда, Ресей Қытайдан өзіне Украинамен соғыста қолдау көрсету мен әскери техникалар беруді өтінген.
Шенеуніктің мәліметінше, Ресей сондай-ақ Қытайға санкцияларға қарсы әрекет ете алуы үшін бұған қосымша экономикалық көмек көрсетуді де сұраған.
Американың ресми тұлғалары Мәскеудің іздеп отырғаны қандай типті соғыс техникасы екенін жан-жақты суреттеп айтып беруден бас тартқан.
АҚШ қазіргі күндері Қытайдың Ресей білдірген өтінішке қандай реакция жасайтынын, қалай жауап беретінін мұқият қадағалап отыр.