Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Украиндар Чернигов түбінде РФ-ның танк колоннасын жойды

КИЕВ. 14 наурыз. Украина армиясы Чернигов түбінде Ресейдің танк колоннасын жойып жіберді. Бұл туралы «Азаттық» радио станциясы хабарлады.

«Украина қарулы күштері Чернигов облысында Киевке қарай қорғанысты бұзып өтпекші болған танк колоннасын түгелдей қиратты. Ал оккупанттар танкшілеріне біздің астанамызға қарай жол тартып барудың орайы келмеді», – делінген «Север» жедел командованиесі.

Командование 12 наурыз күні де Чернигов облысында жаудың бронды танктер және автомобильдер колоннасының айтарлықтай бөлігі жойылғанын баяндады.

Бас штабтың мәліметі бойынша, Ресей армиясы қазірге дейін 12 мыңнан аса жеке құрамнан, 374 танкіден, 1 226 БТР-дан, 140 артиллерия жүйесінен және көптеген басқа техникалар бірліктерінен, соның ішінде ұшақтардан, тікұшақтардан, дрондардан, кемелерден айырылған.

Бүгін соғыстың 18-ші күні өтіп жатыр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button