Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Қытай Ресейге ұшақтың бөлшектерін беруден бас тартты

БЕЙЖІҢ. 11 наурыз. Қытай Ресейше ұшақтардың босалқы бөлшектерін бере алмайтынын жеткізді. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

«Росавиация қажетті босалқы бөлшектері реэкспорт арқылы іздестірмекші болып отыр», – делінген хабарламада.

Росавиацияның әуе кемелерінің жылдық жарамдылығын қолдау басқармасының бастығы Валерий Кудинов журналистерге осылай деді.

«Менің білуімше, Қытайға өтініш айтылған, бірақ олар көмектесуден бас тартқан, енді басқа мемлекеттер – Түркия немесе Үндістан арқылы алу жолын іздестіретін боламыз. Әрбір компания келісімді өзі жасайды», – деді Кудинов.

Ол бүгінде Ресей реестрінде 176 ұшақ бар екенін атап өтті. Ұшуға жарамдылық сертификатын Utair компаниясының 21 әуе кемесі, «Россияның» 38 борты, «Победаның» 27 лайнері және «Аэрофлоттың» 80 ұшағы алғанын айтты.

Ресей авиакомпаниялары халықаралық рейстер кезінде ұшақтарынан айрылып қалу қаупіне ұшырап отыр. Мәскеудің Украинаға қарсы соғыс ашуына байланысты Еуропа одағы осындай шешім қабылдады. Одаққа қарасты елдер Ресейден келген лайнерлерді бірден тартып ала алады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button