Тәулік ішінде Украина жаудың 10 ұшағын атып түсірді
КИЕВ. 11 наурыз. Кеше Украина армиясы Ресей басқыншыларының 10 әскери ұшағын атып түсірді. Бұл туралы УНИАН хабарлады.
Украина авиациясы сондай-ақ тәулікте Ресейдің екі ірі танк колоннасына күйрете соққы беріп, олардың жолдарын кесіп тастаған.
Атап айтқанда, алдын ала ақпар бойынша, Украинаның РФ десант әскерлерінің тұтас полкін жойып жібергені белгілі болып отыр. Онда танктер, БМП, «Градтар» секілді техникалардың толық кешені өртенген.
Ал Әуе күштерінің зенит-ракета әскерлері дұшпанның төрт әуе нысанасын құртып жібергені айтылып отыр. Олардың арасында басқыншылардың үш Су-25 штурмовигі атып түсірілген, сондай-ақ ең соңында бір штурмовик өзінің аэродромына дейін жете алмай, Ресей территориясында құлаған.
Бұлардан бөлек, жаяу әскерлер бөлімшелерінің айғақ етулері бойынша, дұшпанның екі Су-25 штурмовигі атып түсірілген. Олардың бірін америкалық «Стингер» дәл нысанаға алған.
«Сондықтан біздің кеше украинның бейбіт қалаларын бомбылаған ресейлік фашистердің он ұшағы атып түсірілгенін мәлімдей аламыз. Ақпарат әлі анықталып жатыр, толық анықталғасын, ресми түрде баяндаймыз», – деп атап өтті командование.
Ол өздерінің қарауларында «Байрактардың» да бірнеше данасы бар екенін атап өтті.
Командование кеше оккупанттардың басып алған шептерін сақтап қалуға ұмтылып, оларға қосымша күштер, жанар-жағар май, ракеталар мен оқ-дәрілердің запастарын әкелгенін жеткізді.
Ресей әскерлері өткен түнде де адам жағынан біраз шығынға ұшырады.
«Соғыстың 15 күні үшінде Ресей армиясы моральдық жағынан тығырыққа тірелді, Украина армиясы оларға лайықты жауап қайтарып жатыр», – деді Украина қорғаныс министрі Дмитрий Кулеба.
Қазір майдандағы жалпы жағдай, тұтастай алғанда, мынадай болып тұр:
– Жау Полеск бағытында Украина қорғаушыларының қорғаныс шебін бұзып өтіп, Полесское, Кухарь, Октябрьское, Андреевка, Копылов, Мотыжин, Бузова, Гореничи, Буча, Демидов елді мекендері аудандарына барып, Киевті блокадаға алуға тырысып бағуда.
– Солтүстік бағытта дұшпан әскерлері Чернигов қорғанысына барып тіреліп тұр. Олардың бұдан кейін шығыстағы Бровары бағытына қарай күш салулары да әбден мүмкін.
– Басқыншылар Харьков бағытында қаланы солтүстік тараптан қоршауға алу әрекетін әлі сәтсіз жалғастырып келеді. Харьковке Ресейдің резервшілерден жасақталған атқыштар полкы шабуыл жасауда.
– Донецк мен Таврия бағытында оккупанттар бар күшті Мариуполь мен Северодонецкіні басып алуға жұмылдыруда. Сол мақсатта екі күн бойы Мариупольді тоқтаусыз атқылаумен болды. Соның ішінде қаладағы балалар ауруханасын мақсатты түрде талқандап шықты.
– Оңтүстік бағытта ресейліктер бұрын қол жеткізген шептерін сақтап қалып, Николаев қаласын бақылауға алуға күш салды, Запорожье мен Кривой Рог бағыттарындағы шабуылдарын үдете түсуде.
– Қара теңіз бен Азау теңізі үстеріндегі аймақтық операцияларда ауа райы жағдайының қолайсыз болғаны олардың ойға алғандарын орындауларына мүмкіндік бермеді. Әзірге ауа райы украин теңізшілеріне көмектесіп тұр.
«Украин әскери күштері бір-бірлеріне қолдау көрсете отырып, жасанып келген жауға тойтарыс беріп жатыр», – деді соңында Кулеба.
Бүгін сондай-ақ Ұлыбританияның АҚШ-пен ақылдаса отырып, Украинаға бірнеше зенит кешенін беретіні де белгілі болды.
НАТО елдері украиндарға нақтылай көмек беруге көшкелі тұр.