Зеленский Киевтің қоршауға алынғанынан неге қорықпайтынын айтты
КИЕВ. 10 наурыз. Украина президенті Владимир Зеленский бүгін Киевтің қоршауға алынуынан неге қорықпайтынын айтты. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Президент осыған орай енді бұдан жаман нәрсе болмайтынын алға тартты. «Біз күтпеген жаман нәрсе болуын болып қойды – Ресей ақыры Украинаға қарсы соғыс ашып, біздің жерімізді ойрандап жатыр. Бұдан жаман тағы не болуы мүмкін?», – деді ол немістің Bild басылымының тілшісіне берген сұхбатында.
«Барлық болатын жаман нәрсе болып қойды. Мен енді Киевтің қоршауға алынуынан қорықпаймын, – деді ол өз сөзінде. – Неден қорқуымыз керек? Мен неден қорқуға тиіспін? Мен барынша тынышпын. Сіздер білесіздер ме, кім қалай өзінің қорқынышын басады? Бұдан сұмдық не болуы мүмкін?
Бұдан артық қандай жаманшылық болады? Елдің тарапына, менің тарапыма? Бізде нағыз соғыс жүруде. Ресей Украинаға қарсы соғысты бастап кетті. Көп адам қаза тапты. Ел қирап жатыр. Өзінің балаларынан айрылып қалған адамдар үшін бұдан жаман ненің болуы ықтимал?
Бірақ мен өз болашағымызға сенемін. Біз берілмейміз, біз өз жерімізді сатпаймыз. Мен өз елімнің жағдайы, су жайында, тамақ жайында, Мариуполь, Донецк, Запорожье облысы, Мелитополь , Волновах, Харьков жайлы ойланып, мазасызданамын, – оларда сұмдықтар болып жатыр. Жұрт сусыз, тамақсыз қалды. Қазір Мариупольдегі ахуал – нағыз гуманитарлық апат».