Ресейдің Украинадағы агрессиясы: 14-күн. Оқиғалар тізбегі
КИЕВ. 10 наурыз. «Украинская правда» бүгінгі күннің деректерін баяндайды.
Соғыс басталғалы бері Ресей армиясының 700-ге жуық солдаты өз еріктерімен украин әскерлеріне берілді.
Путин соғыстың басында өз армиясы сапында тек жалдамалы жауынгерлердің соғысып жатқанын айтып еді, бірақ 9 наурыз күні Ресейдің қорғаныс министрлігі олардың қатарында жедел қызмет солдаттары да бар екенін мойындады.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресейдің бұдан былай Еуропа одағына мүше болғысы келмейтінін, одан шығатынын айтты. Негізі, мәселе басқада болып шықты. Соның алдында Одақ Ресейді мүшеліктен шығаратынын мәлімдеген екен.
Сергей Лавров «Ресейдің арнайы соғыс операциясының мақсаты Украина территориясындағы кез келген соғысты тоқтату» деген еді. Бұған артынша АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің өкілі Нед Прайс жауап беріп, мұның жалған екенін жеткізді. «Бұл барып тұрған өтірік, ол қайта соғысты өзі бастап, бейбіт халықты қырып жатыр» деп шындығын айтты.
Соғыс басталғалы бері шетелдерден 215 украин елге оралып, басқыншыларға қарсы соғысу үшін келгендерін білдірді.
Украина армиясы Киев түбінде қарсы шабуылға шығып, жаудың 5 танкісін жойды.
Макрон мен Шольц бүгін Путинмен хабарласып, соғысты жедел тоқтатуды талап етті. Бұған агрессорлардың басшысы бас тартып жауап қайтарды.
Украина президенті офиісінің басшысы Андрей Ермак РФ-ны БҰҰ-ға мүшеліктен шығаруды ұсынды.
Еуропа компаниялары Ресейден ағаш алудан бас тартуда. Бірақ бұдан кете алмай отырғандар да бар. Олар: Австриның Egger и Kronospan, американың International Paper және Mondi халықаралық компаниясы.