Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Ресейде тұрғындарға шетел валюталарын сатуға тыйым салынды

МӘСКЕУ. 9 наурыз. Ресей билігі жеке азаматтарға қолма-қол валюта сатуға тыйым салды. Бұл туралы «БелСат» хабарлады.

«Батыстың теңдессіз жағдайларда санкциялар салуынан Ресей орталық банкі валютаны айналымнан алып тастау туралы жаңа ереже бекітті», – делінген хабарламада.

Тыйым әзірге 9 наурыздан 9 қыркүйекке дейінгі аралықты қамтиды.

Мұнымен қатар, валютаны Ресей рубліне кез келген көлемде ауыстырып ала беруге болады.

РФ азаматтары өздерінің валюталық есепшоттарынан 10 мың доллардан артық ақшаны қолма-қол етіп ала алмайды. Егер салым басқа шетелдік валюта бойынша салынған болса да, ол бағамы бойынша доллармен беріледі. Валютаның қалған көлемін (10 мыңнан жоғары) клиент тек сол күнгі бағамы бойынша рубльмен алады.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button