Польша өзінің истребительдерін Украинаға беруге дайын
ВАРШАВА. 9 наурыз. Польша қарулы күштері өзінің МиГ-29 истребительдерін Украинаға беруге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы «БелСат» хабарлады.
«Польша бұрын Украина сұраған өзінің МиГ-29 истребительдерін Американың «Рамштайн» авиабазасы арқылы беруге дайын», – делінген хабарламада.
Польшаның сыртқы министрлігі осындай хабар таратқан. Варшава бұл үшін ұшақтарды алдымен Американың Германиядағы «Рамштайн» базасына жөнелтеді.
«Польша Республикасының билігі президент пен үкіметтің өзара ақылдасып алуларынан кейін өзінің барлық МиГ-29 ұшақтарын жинастырып, «Рамштайн» авиабазасына жеткізіп, Америка Құрама Штаттары үкіметінің қарамағына тез арада және тегін беретін болып шешті», – делінген мәлімдемеде.
Сонымен бір мезгілде Польша АҚШ-тан бұлардың орнын алмастыратын осы деңгейлес пайдаланылған ұшақтар беруді өтініп отыр.
Польша сондай-ақ өзінің НАТО-дағы қолданыстарында МиГ-29 ұшақтары бар басқа әріптестерін де осындай әрекет жасауға шақырды.
Қазіргі ашық мәліметтерге сай, Польшаның арсеналында 22 дана МиГ-29 истребителі бар екені мәлім. Поляк үкіметі осының бәрін Украинаға беруге тәуекел етіп отыр.