Қоғам

Орифджан Шадиев Қазақстанда банк сатып алды

Шілденің 26-сы күні Қазақстан қаржы биржасы (KASE) «AsiaCredit Bank» акционерлік қоғамын қазақстандық өзбек бизнесмен Орифджан Шадиевтің сатып алғанын жеткізді. Бұл туралы Forbes хабарлады.

Қазақстан қор биржасының мәліметінше, осы айдың басында, 2019 жылдың 1 шілдесінде «АзияКредитБанктің» Нұрбол Сұлтан есімді бір ғана акционері болған. Енді «24 шілдеден бастап оның бірден-бір акционері Шадиев Орифджан Кабулович» екені айтылып отыр.

Атап өтетін нәрсе, арада бір күн өткеннен кейін, 2019 жылғы 25 шілдеде AsiaCredit Bank, Capital Bank Kazakhstan және Tengri Bank атты үш акционер банктің бірлескен жиыны өткен. Онда «AsiaCredit Bank» (АзияКредит Банк) АҚ-ның, «Capital Bank Kazakhstan» АҚ-ның өз еріктерімен «Tengri Bank»АҚ-ға өз еріктерімен қосылу жолдарымен қайта құрылу (реорганизация) жасайтындары мақұлданған. AsiaCredit Bank-тің баспасөз қызметі хабарлағандай, «банктің реорганизация жасалған акционерлер құрамында Үндістаның Punjab National Bank банкі түрінде шетелдік инвестицияның үлесі сақталып қалатын болады».

Орифджан Шадиев 2018 жылы «Қазақстанның ең ақпалды 50 бизнесмені» құрамына кіріп, Қазақстандағы 50 аса бай бизнесмендер тізімінде 31-орын алды. Бірақ 2019 жылы соңғылар қатарынан шығып қалды. Өткен жылы Forbes Kazakhstan журналы Capital Bank-тің директорлар кеңесінің төрағасы және бірден-бір егесі Орифджан Шадиевтің байлығы $ 177 миллионға бағалады.  Оның бұдан бөлек, «One &Top» ЖШС, «PRIME System KZ» ЖШС, «Integra Construction KZ» (бұрынғы «Жол жөндеуші») ЖШС секілді құрылымдарда үлесі бар. Ал «PRIME System KZ» ЖШС арқылы Италияның Todini Costruzioni Generali атты құрылыс компаниясына егелік етіп отыр. «Ана үйі» атты қайырымдылық жобасына қатысады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button