Ресей ұшқыштары Украинаны бомбылаудан жаппай бас тартуда
КИЕВ. 8 наурыз. Ресей әскери пилоттары Украинаны бомбылаудан жаппай бас тартып жатыр. Бұл туралы УНИАН хабарлады.
«РФ Әуе-Қорғаныс күштерінің жеке құрамында күйреу көңіл күйі орын алып жатқандықтан, Ресей армиясының басшылығы Украинаның инфрақұрылымдарына ракета-бомбы соққыларын беруге курсанттарды тарту жөнінде шешім етті», – делінген хабарламада.
Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко Telegram-арнада осының жайын тарқатып жазды.
«Қолға түскен ақпарға сәйкес, РФ Әуе-Қорғаныс күштерінің жеке құрамында күйзеліс көңіл күйі орын алғаны байқалады. РФ пилоттарының көпшілігі Украина бейбіт қалаларын бомбылау ұшуларына қатысудан бас тартуда. Ұшақтар мен тікұшақтардың қатарында жойылып жатқандардың көптігі содан», – деп атап көрсетті ол.
Осы аралықта Украина армиясындағы «Байрактар» дроандарының дұшпан шебіне сәтті шабуыл жасап жатқандары айғақталды. Кеше 128-ші жеке таулы-штурм бригадасының дроны Ресейдің украин шебін атқылап жатқан Т-80 маркалы үш танкісін жойып жіберді.