«Біз сіздермен біргеміз, бізді ешкім ажырата алмайды» (видео)
Белорустың белгілі қайраткерлері украиндарға үндеу жолдады
МИНСК. 8 наурыз. Белорустың бір топ мәдениет қайраткерлері Ресей агрессиясына байланысты Украина халқына үндеу арнады. Бұл туралы «БелСат» хабарлады.
«Достар және құрбылар, осынау қиын уақытта біз өзіміздің Украина халқын қолдайтынымызды, біздің сіздерге жау емес екенімізді, біздің ойымыз қазір Украина жақта екенін, біздің сіздермен бірге екенімізді, бізді сіздерден ешкім ажырата алмайтынын білдіріп, видео жаздық», – деп видеоны ұсынды Лявон Вольский.
Үндеуге «БелСаттың» өкілдері – вице-директор Алексей Диковицкий мен журналистер Алина Ковшик, Валерий Руселик те қатысты. Сондай-ақ бұған журналист Анна Соусь, опера әншісі Маргарита Левчук, қоғам қайраткерлері Алесь Лапко, Алесь Логвинец, Наталья Коллегова, музыканттар Сергей Долгушев, Павел Трипуть, Андрей Якубчик, кинорежиссер Ольга Кузьмич, «Dapamoga» ұйымының волонтерлері қатысты.