«Миыңызды шайыңыз». Галкин өзін сынаушыға жауап берді
КИЕВ. 7 наурыз. Ресейлік белгілі шоумен Максим Галкин Ресейдің басқыншылығын сынағаны үшін өзіне сөз айтқандарға жауап берді. Бұл туралы «НВ» хабарлады.
«Миыңды шайыңыз», – деді ол Instagram-да.
Максим әйелі Алла Пугачева екеуі РФ-дағы танымал тұлғалар арасында алғашқылардың бірі болып Ресейдің Украинаға жасаған басқыншылық соғысын айыптады.
«Соғысқа ешқандай ақтау болмайды! Соғыс болмасын!», – деп жазды Галкин.
Шоумен әлеуметтік желідегі жаңа постында өзіне айтылған сындарға жауап беруге шешім қабылдады. Пайдаланушы әйелдердің бірі: «НАТО Ресейге шабуыл жасаса, Максим, бәлкім, қуанатын шығар», – деп кекетіп жазды.
Оған әртіс: «Миыңызы салқын таза сумен шайыңыз», – деп іле жауап қайтарды.
Тағы бір әйел: «Мемлекет сізді қолдап жемдеді, ал сіз оған осылай ақы қайтарып тұрсыз. Мұныңыз адамшылық емес. Біздің бәріміз үшін ауыр кезде амбицияңызды шектей тұрыңыз», – деп пәлсапа соқты.
Галкин бұдан да айылын жиған жоқ.
«Сіз мені біреумен шатастыры алып тұрсыз. Мен қолдан тамақ жеген емеспін. Мен жұмыс істеп, салығыммен мемлекетті асырап келемін. Кез келген азамат өзінің пікірін айту құқығына ие, тіпті ол мемлекетке ұнамаса да», – дегенді қосты соңынан Максим.
Сол аралықта бір әйел алдыңғыларға мынадай уәж айтты: «Жұрт, өздеріңді дамытыңдар. топастар онсыз да аз емес… цифрлы технология заманында ақымақ болып қала беру – ұят және масқара!»