25 Тамыз, 06:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Саясаткер Мұхтар Тайжан Бишімбаевтың әкесі жазалануы керек деп есептейді

25 Ақпан 2024 18:49
- Әлеумет, Жаңалықтар
Саясаткер Мұхтар Тайжан Бишімбаевтың әкесі жазалануы керек деп есептейді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 25 ақпан. Белгілі саясаткер Мұхтар Тайжан сотталушы Қуандық Бишімбаевтың әкесін барлық атақ-марапатынан айыруды ұсынды. Бұл туралы «Адырна» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Саясаткер әйелін өлтірді деп айыпталып отырған экс-министр Қуандық Бишімбаев әкесі – Уәлихан Бишімбаевтың көмегінің арқасында жазадан құтылып кетуі мүмкін екенін алға тартады.

22 ақпанда Бишімбаевтың адвокаттары журналистерге берген сұхбаттарында оның кісі өлтірмегенін, өз кінәсін мойындамайтынын айтып отырғанын жеткізген.

Осы мәселеге қатысты саясаткер Мұхтар Тайжан «адвокаттармен сұхбат – Қуандық Бишімбаевтың атын ағарту үшін жасалған үлкен науқанның бір бөлігі ғана» деп есептейтінін мәлімдеді. Ол бұл істің бастамашысы ықпалды депутат, академик және күдіктінің әкесі Уәлихан Бишімбаевтың өзі екеніне сенімді.

«Мен кісі өлтірушілердің өмірін сақтап қалған дәрігерлерді кінәламаймын. Бұл олардың кәсібі, міндеті және анты. Олар кез келген адамды емдеуге және құтқаруға міндетті. Мен сондай-ақ кісі өлтірушілерді қорғайтын адвокаттарды да кінәламаймын. Бұл да олардың кәсібі, міндеті, анты. Олар әрбір адамды қорғауға міндетті. Бірақ мен Бишімбаевтың әкесі, академик, лауреат, еңбек сіңірген қайраткер, ректор және «Нұр-Отанның» депутаты, Назарбаевтың досы Уәлихан Бишімбаевты кінәлаймын. Ол мемлекет (халық) қаржысын тонаушы ұрыны тәрбиелеп, өсірді. Мұны сот дәлелдеп отыр. Сонымен қатар ол Назарбаевтың ұлына мерзімінен бұрын кешірім жасауына қол жеткізгеніне сенімдімін. Сондықтан қылмыскер бостандыққа шығып, өзінің жазаланбайтынына сенімді болды. Ал бұл жағдай үлкен трагедияға әкелді», – деді Мұхтар Тайжан.

«Қазір кіші Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы ерекше қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілінді. Енді, міне, БАҚ арқылы ол ұлын ақтау науқанын ұйымдастырып отырған әке екеніне тағы да сенімдімін. Баласының әрекетіне өкінгені туралы сөз жоқ. Егер сот Қуандықтың кінәсін дәлелдесе, онда әкесін барлық құрметі мен атақ-марапатынан айыруды талап ету керек. Оның тәрбиесі жазықсыз адамның өліміне әкелді. Ол салтанат пен құрметке емес, ол сөгіс пен ұятқа лайық. Бұл барлық жемқор ата-аналарға сабақ болады», – деді саясаткер бұдан әрі өз ойын жалғастырып.

Таңбалар: Қуандық БишімбаевсаясаткерсынУәлихан Бишімбаев

Ұқсас мақалалар

Қуандық Бишімбаев жазасын Ақмола облысындағы колонияда өтейді
Жаңалықтар

Қуандық Бишімбаев жазасын Ақмола облысындағы колонияда өтейді

20.07.2024
Прокурор Бишімбаевтың неге өмір бойына сотталу жазасын алмағанын айтты
Жаңалықтар

Прокурор Бишімбаевтың неге өмір бойына сотталу жазасын алмағанын айтты

14.05.2024
Адвокат Оразбақова: Байжановтың үкімі қазақ қоғамына сабақ болуы тиіс
Әлеумет

Адвокат Оразбақова: Байжановтың үкімі қазақ қоғамына сабақ болуы тиіс

14.05.2024
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist