Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Батыс Ресейді SWIFT-тен ажыратуға шешім қабылдады

БРЮССЕЛЬ. 26 ақпан. Бүгін батыс елдерінің басшылары Ресей Федерациясын халықаралық SWIFT жүйесінен ажырату жөнінде бір ауыздан шешім шығарды. Бұл туралы «Европейская правда» хабарлады.

«Әлем диктатор Путиннің шын бет-бейнесін көріп, ақыр соңында мүмкін болған санкциялардың барынша қатқылдарын қабылдауға көшті», – делінген хабарламада.

«Ресейліктер SWIFT-тен ажыратылғаннан кейін таңертең тас ғасырында ояна ма?», – деген риторикалық сұрақ қояды портал тілшісі.

Алдымен бұл қандай жүйе, соны түсіндіре кетейік. SWIFT – банкаралық ақпарат алмасу жүйесі. Сарапшылардың пікірінше, бұдан кейін Ресей бизнесі үлкен дағдарысқа тап келіп, тоқыраудың теңселісінен шыға алмай қалады. Енді импорттың шикізаттары үшін ақша аудару, немесе керісінше, өз тауарлары үшін ақша алып тұру бұл елдің кәсіпкерлеріне көп қиындық әкеледі.

Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Ресей SWIFT төлем жүйесінен шығарылғаннан кейін эконимкалық көптеген қиындықтардың құрсауынан шыға алмай қалатынын айтты.

«Әзірге ресми шешім әлі жарияланған жоқ. Бірақ батыс елдері түгел қолдап, осындай консенсусқа келіп отыр. Қазір шешімді қабылдаудың техникалық дайындығы басталып кетті. Біз осы үшін күресіп, ақыры жеңіп шықтық. Осы мақсатта украин дипломатиясы тігінен – президенттен бастап, біздің елшіліктердегі атташеге дейін жұмыс істеді», – деп жазды Кулеба.

Ол осыған атсалысқан мыңдаған адамдарға, соның ішінде шетелдердегі украин диаспорасына алғыс сезімін білдірді.

«Украин дипломаттарының бұл жеңісі Украинаны қорғаушылардың барлығына арналады», – деді министр.

Бүгін Ресей Федерациясы Twitter әлеуметтік желісінен де ажыратылды.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button