Гостемель түбінде шешендердің арнайы жасағы талқандалды
КИЕВ. 27 ақпан. Киев облысы Бучан ауданындағы Гостемель селосы түбінде ресейлік басқыншылар құрамында соғысуға келген шешендердің арнайы жасағы біржолата талқандалды. Бұл туралы «Интерфакс-Украина» хабарлады.
«Сенбі күннің кешінде украин әскерилері Шешестанның ресейлікгвардиясын тас-талқан етті», – делінген хабарламада.
Мұның алдында әлеуметтік желіде украин армиясы арнайы жасағы жауынгерінің шешендерді күтіп отырғаны, келсе оларды қайтып келмейтін елуге дайын екендерін видеоүндеуі тараған еді.
Портал хабарлағандай, бөлімшені талқандау кезінде Ресейдің гвардиясының Шешенстандағы 141-ші моторлы полкының командирі, генерал Магомед Тушаев қаза тапқан. Оны осы гвардияның тұтқынға түскен сарбазы да растап берді.
Украиина Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, «қалған басшыншылар украин ұлттық гвардиясы ме «Альфа» арнайы тобының бақылауында тұр, олардың түгел жермен-жексен етілетін шағы қашық емес».
Дәл осы кезде батыс Еуропа елдерінде тұратын шешендердің Украина жағында соғысу үшін жиналып жатқаны белгілі болды. Оны шешен соғысының қаһарманы, қазір Англияда тұрып жатқан Ахмет Закаев баяндады.
Киев облысындағы Васильково қаласындағы мұнай базасы бірнеше күннен бері жанып жатыр. Оны өшіруге ешкім асығар емес. Себебі, осы жердегі аэропортта кескілескен ұрыс жүруде. Украин солдаттары басқыншылар десантшыларын қалаға қарай жібермеу үшін оларды ң жолдарын кесіп тастады.