Көпір үшін өмірін қиған саперге «Украина батыры» атағы берілді
КИЕВ. 26 ақпан. Украина президенті Володимир Зеленский сапер Виталий Скакун марқұмға «Украина батыры» атағын берді. Бұл туралы УНН хабарлады.
Украина армиясының сапері Виталий Скакун (суретте) басқыншылармен ұрыс кезінде орыстың танк колоннасын ішкері өткізбеу үшін Геника автомобиль көпірін өзімен бірге жарып жіберіп, қаза тапқан. «Мен теңіз жаяу әскерлері 35-ші жеке бригадасының сапері Скакун Виталий Володимировичті (марқұм) «Украина батыры» орденімен марапаттау жөнінде шешім қабылдадым. Ол өз өмірін қия отырып, стратегиялық маңызы бар көпірді жарып жіберді», – деді Зеленский.
Мұндай қаһарман ерлері бар, өзінің жерін қасық қандары қалғанша қорғауға дайын жұрты бар Украинаның бұл әділетсіз соғыста әділетті түрде жеңіп шығатынына бүкіл әлем жұртшылығы үміт артып отыр.