Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Украинаның экс-президенті елін қорғау үшін жасаққа жазылды

КИЕВ. 25 ақпан. Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенко елін Ресей басқыншыларынан қорғау үшін жасаққа жазылды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Twitter әлеуметтік желісінде Ресейдің белгілі саясаттанушысы, әскери журналист, «Национальная оборона» журналының бас редакторы Игорь Коротченко Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенконың қолына Калашников автоматын ұстаған қалпында CNN телеарнасының эфирінен көрінгенін атап көрсетті.

«Украинаның экс-президенті Петр Порошенко Калашников автоматын ұстаған күйінде CNN телеарнасының эфирінен көрініп, жұрт жазылу үшін кезекке тұрып жатқан, бірақ қаруы жеткіліксіз, Киевте орналасқан батальон туралы айтып берді», – деп жазды ол.

Қазір мұндай батальондар елдің барлық аймақтарында құрылып жатыр.

Дәл осы тұста Владимир Путин кезекті мәрте эфир арқылы үндеу жариялап, онда Ресей әскерлерінің шабуылына қасарыса қарсы шығып, тойтарыс беріп жатқан украин әскерлерін жемқор, нашақор билік өкілдеріне бағынудан бас тартып, билікті өз қолдарына алуға, сөйтіп, келіссөз орындығына отыруға шақырды.

Бұған саясаттанушы Нина Хрущева «Эхо Москвы» радиосы арқылы жауап берді. Ол Путиннің бұл мәлімдемесі неміс басқыншыларының екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі совет солдаттарына арнауларын еске түсіретінін жеткізді. «Путиннің бұл үндеуі басқыншы күштердің Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде «бізбен бірге болсаңдар, жаман болмайсыңдар, бізге беріліңдер, біз сендерді құшақтап қарсы аламыз, бәрі жақсы болады» деген мазмұнда жазылған листовкаларын еске түсіреді», – деп атап өтті саясаттанушы.

Шынында мынау сол соғыстағы неміс армиясы өкілдерінің «Русь, сдавайся!» деп жүргендерінен айнымайды екен.

Осы аралықта Путиннің баспасөз хатшысы Песков Украинаның алдымен Ресеймен келіссөз жүргізуге ықтиярлы болғанын, бірақ кездесудің Минскіде емес, Варшавада өтуі керек екенін білдіргенін, сөйткенмен, артынан өздерінің жоқ болып кеткенін хабарлап үлгерді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button