Путиннің Украинадағы мақсаты: елді екіге бөліп тастау
КИЕВ. 25 ақпан. Украин арнайы қызметі Путиннің Украинамен соғыстағы қорытынды жоспары елді екіге бөліп жіберу екенін кезекті мәрте анықтады. Бұл туралы УНИАН хабарлады.
Өз мәнбесіне сүйенген Zn.ua басылымы бұл жоспардың бірнеше компоненттен құралатынын мәлімеді.
Операцияның басты мақсаттарының бірі арандату жолымен украин билігін басып алып, оларды Ресейдің шарттары негізіндегі келіссөзге қол қойдыру болып отыр. Бұған қоса, Ресей кешегі Кеңес Одағынан шыққан бас қа елдерді де осы арқылы өзінің ыңғайына көндіріп, ұдайы қорқытып ұстау болмақ.
Қазір РФ-ның жедел ой-жоспары 2 мың арнайы күштің көмегімен Киевтің екі аэропортының бірін басып алуға бағытталып жатыр. Бұдан әрі астанаға Ил-76 ұшағы арқылы жеңіл бронетехникалы 10 мыңға жуық десантшыны түсіреді.
Десанттың мақсаты – Киевті коммуникация жүйесін, әскерлерді басқару каналдарын жауып тастау, арсеналдарды басып алып, жарып жіберу, тұрғындар арасында үрейді барынша кең тарату, «Киевтен топырлап қашатын босқындардың» көп болуына жол ашу, әскерлер қозғалысын қиындату үшін магистальдарды жабу.
Ең соңынан кезінде орын алған Батыс және Шығыс Германия, Солтүстік және Оңтүстік Вьетнам, Солтүстік және Оңтүстік Корея прнициптері бойынша Украинаны екі бөліп тастау тәжірибесін жүзеге асыру жүзеге асырылмақшы.