АҚШ президенті: «Өкінішке орай, Путин соғысты таңдап алды»
ВАШИНГТОН. 24 ақпан. АҚШ президенті Джо Байден Ресей президенті Донбаста операция жасауды жариялағаннан кейін мәлімдеме жасады. Бұл туралы УНИАН хабарлады.
«Бүгін бүкіл әлем Ресей қарулы ккүштерінің арандатушылық және ақталуға жатпайтын шабуылынан кейін зардап шегіп жатқан Украина халқы үшін ғибадат етіп жатыр. Президент Путин орасан зор адам құрбандығы мен қасіретін әкелетін соғыс жолын саналы түрде таңдап алды. Осы шабуылдан кейін орын алатын адам өлімі мен қирандылар үшін тек Путин ғана жауапты болады, Құрама Штаттар, оның одақтастары мен әріптестері бұған бәрі бірге және шешімді түрде жауап қайтарады», – деді ол.
«Әлем Ресейді жауапкершілікке шақырады. Бүгінгі күнгі кеште м ен Ақ үйде отырып, жағдайды жіті бақылаймын, өзімнің ұлттық қауіпсіздік қызметімнің сәт сайын беріліп тұратын ақпарларымен танысамын. Ал ертең азанда өзімнің G7-дегі әріптестеріммен кездесемін, сосын Құрама Штаттардың, біздің одақтастарымыздың және әріптестеріміздің Украина мен ұлан-байтақ әлемге және қауіпсіздікке қарсы агрессияны бастап отырған Ресейге жасайтын бұдан арғы шараларын шешіп алу үшін Америка халқымен сөйлесемін», – деді ол.
«Біз шешімді және бірлескен жауап қайтару үшін әрекеттерімізді кез келген агрессияға қарсы тұратын НАТО-дағы одақтастарымызбен үйлестіре отырып жасаймыз. Бүгін кешке Джилл екеуміз Украинаның батыл да өжет адамдары үшін дұға оқимыз», – деді АҚШ президенті тағы.
Әлеуметтік желідегілер қазір украинның Азау теңізі жағалауындағы қалаларында Ресейдің Қара теңіз флоты десанттық операциялар жүргізіп жатқанын жазуда. Украинаның бірқатар қалаларынан атыс естілуде.
Украин журналисі Андрей Цаплиенко Ресей әскерлерінің Киевті қанатты және баллистикалық ракеталармен атқылағанын баяндады.